Компания туралы
«Первый завод металлоконструкций» ЖШС — бүкіл Қазақстан бойынша металл қаңқалы ғимараттарды жобалау, өндіру және кілтке дейін салу бағытында мамандандырылған өндірістік-құрылыс компаниясы.
Компания тез тұрғызылатын құрылыстар мен тентолық ангарлар салу саласында 12 жылдан астам уақыт бойы жобаларды жүзеге асырып келе жатқан «СпецСтальКонструкции» компаниялар тобына кіреді. Топтың негізін қалаушылар өз қызметін Лисаковск қаласында бастап, бүгінде Қазақстан мен жақын ТМД елдерінде түрлі ауқымдағы жобаларды орындауға мүмкіндік беретін өндірістік және инженерлік базаны қалыптастырды.
